• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Ақпан, 2023

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

585 рет
көрсетілді

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Айдын Сауданбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдын Сауданбеков 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жыл. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастады.

2000 жылдың наурыз айынан бастап Ұйғыр облысы бойынша Салық комитетінің тексеру бөлімінің аға салық инспекторы, бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.

2001 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы бойынша Салық комитетінде, Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінде әртүрлі қызметте жұмыс істеді.

2008 жылдың қыркүйегінен бастап Іле ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы, Талдықорған қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы болды.

2015 жылдың маусым айынан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау бөлімінің аудит бөлімінің басшысы, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды.

2021 жылдың тамызынан бастап Әкімшілік департаментінің директоры, 2022 жылдың ақпанынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің директоры қызметін атқарды.