• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2023

Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

309 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласының полицейлері М.Жүсіп көшесінің бойында орналасқан құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамдар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұза отырып, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз елімізде жұмыс істеп жүрген. 

«Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының 54 жастағы жұмыс берушісіне  жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс жүзінде ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 51 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды»,  деді полиция бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов. 

Рейдтік шара 28 ақпанға дейін жалғасатын «Мигранттық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.