• RUB:
    4.94
  • USD:
    442.85
  • EUR:
    480.32
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Ақпан, 2023

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

320 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматыда түнде тұман, көктайғақ болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.