• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Ақпан, 2023

Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

266 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан теннисшісі ширек финалда әлемнің 25-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен шеберлік байқасты. Бірінші сетте Бублик сәтті ойнай білді – 7:5. Есесіне екіншісінде болгариялық спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Онда сәттілік Александр жағында болды – 7:6 (8:6).

Екі сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 16 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 14 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 11-інші, турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездеседі.