• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Ақпан, 2023

Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты түсініктеме берді

298 рет
көрсетілді

Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023 жылғы 25 ақпанда Астана-Шымкент КС-7307 рейсі «Эйрбас-А320» әуе кемесінде сағат 05:40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуежайында қатты жел) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды және одан әрі тоқтатылды. Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактісі бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілді», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылған. Өтініш білдірген барлық жолаушыға билеттерді толық қайтару рәсімделген.

«Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі аталған факт бойынша қосымша тексеру жүргізеді және әуе компания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Азаматтық авиациядағы басты басымдық - ұшу қауіпсіздігі», деп хабарлады комитет.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әуежайында жолаушылар рейстің тоқтатылуына байланысты жанжал шығарғанын хабарлаған едік.