Қаржы мониторинг агенттігі Қарағанды облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.