• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2023

Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты

238 рет
көрсетілді

Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, үш адам опат болды, деп хабарлайды Egemen.kz  life.ru сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік басылымның мәліметіне сүйенсек, Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына апаратын Душанбе - Чанақ тасжолында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапқан.

Musso көлігін тасжолдың 157-ші шақырымында қар көшкіні басып қалған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, бір жолаушы Шахристан облысындағы ауруханаға жеткізілді.