• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Ақпан, 2023

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығы құрылады

336 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев Қазақстан Президентінің желтоқсандағы Өзбекстанға сапары аясында қол қойылған инвестициялық келісімдер мен сауда келісім-шарттарын іске асыруды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар бірқатар жобаның орындалу барысы қанағаттандыратыны туралы атап өтті. Мәселен, Ташкент облысында мультимодальды логистикалық орталықтың құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге шарт жасалды. Наурыз айының басында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шартқа қол қою жоспарлануда. Жобаны іске асырудың 2026 жылға дейінгі бірінші кезеңі $70 млн көлемінде инвестиция тартуды көздейді.

Тағы бір перспективті бірлескен жоба – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру. Қаңтар айының соңында тараптар ХӨКО-ның орналасқан жерін алдын ала келісіп, нысанды «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлстан» (Өзбекстан) халықаралық өткізу бекеттерінің аймағында салу болжанып отыр. Уағдаластықтарды жақын арада бекіту жоспарланған.

«Инвестициялық келісімге қол қоюды жеделдететін боламыз. Жобаға елеулі қызығушылық күтілуде»,  деді Серік Жұманғарин кооперациялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысушыларға.

Қазақстан вице-премьері өзбек серіктестеріне Қырғызстанмен шекарада осындай сауда-логистикалық хаб салу туралы айтып, Өзбекстаннан келген инвесторлар мен кәсіпкерлерді осы жобаға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев оны бірлесіп іске асыруға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ кездесуде тараптар алмастырылатын өнімді жүйелі жеткізуді ұйымдастыру үшін бірлескен сыртқы сауда компаниясын құру тұжырымдамасын бекітті. Жұмыс тобының қатысушылары энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, электротехника өнеркәсібі және машина жасау, инфрақұрылымдық құрылыс, фармацевтика, химия салалары саласындағы кооперациялық және инвестициялық жобалардың орындалуын қарастырды. Іске асыру барысында олардың кейбіреулері өзгерістер енгізуді талап етті.

Кооперациялық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жөніндегі қазақ-өзбек жұмыс тобының келесі отырысы 2023 жылғы наурызда Шымкентте өтеді.