• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Ақпан, 2023

Ердоған зардап шеккен түркиялықтардан кешірім сұрады

223 рет
көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz  жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Эрдоған жер сілкінісі кезінде құтқарушылардың тез көмек көрсетуіне нашар ауа райы кедергі келтіргенін айтты.

«Біз іздеу-құтқару жұмыстарын ойлағандай жылдам жүргізе алмадық және сол үшін де кешірім сұраймын», деді президент.

6 ақпан күні болған жер сілкінісінен 50 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Түркияда жер сілкінісі бірнеше мәрте қайталанды. Соңғы болған жер сілкінісінен 1 адам қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті. Қазір Малатьяда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Әлемдік банк 6 ақпандағы жер сілкінісі Түркияға 34 миллиард доллар көлемінде шығын келтіргенін хабарлады.