• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2023

Банкрот болғандар жалақысы жоғары жұмысқа тұра ала ма?

351 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов банкроттықты рәсімдеген тұлғалардың қаржылық жағдайы тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы өткен брифингте айтылды. 

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында журналистер банкроттықтан кейінгі мәселеге қатысты сұрақтар қойды.

Қайрат Миятов банкроттықтан кейін жеке тұлғаларға кредиттер алуға шектеулер, сондай-ақ борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетінін айтты.

«Қаржылық мониторинг заңсыз істердің алдын алу үшін қарастырылған. Үш жыл ішінде салық есептерін қадағалай отырып, біз банкроттық кезеңінде өз мүлкін несие берушілерден жасырған және қарыздарын өтемеген борышкерлерді анықтаймыз. Егер мұндай фактілер анықталса, банкроттық рәсімі жойылады және барлық өндіріп алу шаралары ағымдағы тәртіппен қайта басталады», деді Миятов. 

Алайда өздерін банкрот деп жариялағаннан кейін ресми жұмысқа орналасқан адамдар үшін тәртіп басқаша болады.

«Банкроттықтан кейін заңды түрде жұмысқа орналасып, жалақы ала бастаған адамдарға келетін болсақ, оларға ешқандай шектеулер мен айыппұлдар салынбайды. Өйткені білікті маман жоғары жалақы алуға толықтай құқылы», деп түйіндеді ол.