• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 01 Наурыз, 2023

Сайлауға қатысты семинар-кеңес

421 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша семинар өткізу үшін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарына барды.

Семинар-кеңестерге жер­гілікті атқарушы органдардың, облыстық прокуратураларының өкілдері, аумақтық сайлау ко­мис­сияларының мүшелері, кан­­дидаттардың сайлауалды штаб­­тарының өкілдері, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды ұзақ мерзімді байқаушылары қатысты.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров уәкілетті мемлекеттік органдармен және облыстық аумақтық сайлау комиссияларымен өткен кеңестерде өңірде жүргізіліп жатқан сайлау­шылар тізімдері, ұйымдастыру мәселелері, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық қам­тамасыз ету, мүгедектігі бар аза­­маттар үшін қажетті жағ­дай­­лар жасау, сондай-ақ сайлау бюл­летеньдерін учаскелерге уақ­ты­лы жеткізу және басқа да мә­селелер бойынша баяндамалар­ды тыңдады. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Кинигул Бичуинов 26 ақпандағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне өңірдің 499 085 тұрғыны енгізілгенін хабарлады. Облыс халқын сапалы ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқы­лы ақпараттық жұмыс жүр­гізілуде. Сыртқы жарнаманы ор­наластыру үшін 167 орын анық­талып, LED-экрандарда саяси партиялардың ақпараттық бейнероликтері мен үгіт-насихат роликтері көрсетіледі.

– Халықты сайлау учаскелері туралы ақпараттандыру үшін облыстың қалалары мен аудан­дарында әкімдіктер жанында 12 Call-орталық жұмыс істей­ді. Сондай-ақ учаскелер­де тір­кеудің дұрыстығын «элек­трон­дық қызметтер орта­лы­ғы»порталының «Өз сайлау учас­­кеңді тап» сервисі және «DigitalEast» мобильді қосым­шасы арқылы тексеруге болады.

Барлық 533 сайлау учаске­лерінің шекаралары нақтыланды. Барлық сайлау округтері мен учаскелері жұмысқа дайын. Олардың жұмыс істеуі қол­даныстағы заңнаманы, сани­тарлық нормаларды және қо­ғамдық қауіпсіздікті ескере отырып ұйымдастырылатын болады. Стендтермен, қалқандармен және тумбалармен жабдықталған үгіт материалдарын орналастыру үшін 470 орын белгіленген. Оның ішінде облыс орталығында – 33, қалалар мен аудандарда 437 орын нақтыланды. Ал кандидаттардың сайлаушы­лармен кездесуі үшін 200 орын бел­гіленді, – деп мәлімдеді Ки­нигул Бичуинов.

Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің физи­калық қолжетімділігін қамта­масыз ету мақсатында 1 784 сайлаушы үшін 264 учаскеде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері шешілді. Олардың қатарында 1 784 сайлаушының 650-і мүгедектер арбасын пайдаланса, 700 адамның көру қабілеті жоқ және 434 адамның есту мен сөйлеу қабілеті нашар екені анықталды. Бүгінгі таңда 495 учаске бірінші қабаттарда орналасқан, 472 – пандустармен, 482 тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. Ал дауыс беру күні ерекше қажеттіліктері бар аза­маттар тұратын 13 елді мекенде Инватакси қызметі ұйымдастырылып, 113 учаскеде сур­доаудармашылар жұмыс істейді.

Сондай-ақ семинар-кеңес­те Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғам­дық мүдделерді қорғау басқар­масының бастығы Жандос Қо­ңыров сөз сөйлеп, сайлау науқанын өткізу кезеңінде сайлау үдерісіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын қадаға­лау­ды жүзеге асыру туралы хабардар етті.

Абай облысы әкімі аппара­тының басшысы Жасұлан Сәр­сенбаев облыс бойынша бар­лығы 416 030 азамат сайлау­шылар тізіміне енгізілгенін ха­барлады. Облыста сондай-ақ, облыс әкімдігінің, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңді анықта» іздеу сервистері жұмыс істейді.

– Сервистер ЖСН мен мекен-жайды көрсете отырып, сайлау учаскесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қа­лалар мен аудандарда Call-ор­талықтар жұмыс істеп тұр. Облыс аумағында анықтамалық ақпаратты алуды жеңілдету үшін 24/7 режімінде 109 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 11 аумақтық, 141 округтік және 478 учаскелік сайлау комиссиялары құрылды. Барлық 478 сайлау учаскесі жұмысқа дайындалды, материалдық-тех­никалық қамтамасыз етілді, – деді Жасұлан Сәрсенбаев.

Ж.Сәрсенбаевтың хабарлауынша, облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 2 687 адамды құрайды. Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлармен, соның ішінде пандустармен және так­тильді көрсеткіштермен жаб­дықталған. Сондай-ақ азамат­тарды тіркеу орны бойын­ша сай­лау учаскелерінде дауыс беру күні қосымша 15 жылжымалы пандус орнатылады. 395 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыш ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Кеңес барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау заңнамасының барлық жаңалықтарын, ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктерін түсіндірді, сондай-ақ сайлау комис­сиялары Парламент Мә­жілісі және мәслихаттар депу­таттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі барлық негізгі іс-шараларды бақылауда ұстап, осы ел үшін маңызды және жауапты сайлау­ды заңға қатаң сәйкес өткізуге дайын болуға тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар семинар-кеңес аясында аумақтық сайлау комиссиялары үшін іскер­лік ойын түрінде оқыту тре­нингі ұйымдастырылды. Тре­нинг барысында сайлау комис­сияларының мүшелері оның барлық компоненттерін қамти отырып, учаскелерде дауыс беру үдерісін көрсетті. Олар сай­лау күні учаскелерді ашу­дан, дауыс берушілерді тір­кеу­ден, бюллетеньдер беруден және барлық жұмыс аяқ­тал­ғанға дейін учаскелік сайлау комис­сияларының қалай жұмыс істей­тінін көрсетті.