• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2023

25 жүлдемен оралды

224 рет
көрсетілді

Қазақстанның таеквондошылары Словенияның астанасы – Люблянада өткен рейтингтік турнирде табысты өнер көрсетті. Олар 5 алтын, 7 күміс және 13 қолаға қол жеткізді.

Любляница өзенінің жағалауында жалауы желбіреген жарыста Рита Бәкішева (46 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Са­мирхон Абабакиров (58 кило), Нұрбек Газез (63 кг) және Елдар Бірімбай (68 кг) бар­лық қарсыластарын сыпыра ұтып, жеңіс тұғы­рының ең биік сатысына көтерілді. Көптеген аса ірі халықаралық додада ел намысын абыройлы қорғап жүрген Смайыл Дүйсебай (87 кг) мен Руслан Жапаровтан да (+87 кг) дәл сондай нәтиже күткен едік. Алайда жартылай финалда сүрінген сақа спортшыларымыз бұл жолы қола ме­дальды қанағат тұтты. Сол секілді Айдана Құмар­таева (46 кг), Ботакөз Қапанова (49 кг), Назым Махмұтова (62 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Елжан Елшімбай мен Аманбол Бегим­бетов (58 кг), Рахат Рақым (63 кг), Әлібек Ермекбай (68 кг), Нұрлан Мыр­забаев (68 кг) және Бауыржан Қасенов те (87 кг) дәл сол межеден көрінді.

Ал ақтық сынға дейін алқынбай жеткен Наргиза Қойшыбекова (46 кг), Виктория Кучина (57 кг), Жавохирхон Исламов (54 кг), Әділет Базарбаев (63 кг), Мақсат Орынбасар (68 кг) және Рақым Әділханов (80 кг) шешуші тұста ұтылып, күміс жүл­дені еншіледі. Нәти­жесінде, жерлестеріміз ко­мандалық есепте бірінші орынды олжалады.