• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Наурыз, 2023

Сән-салтанат салығы туралы норма жаңа Салық кодексіне енеді - Жамаубаев

282 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Салық кодексіне сән-салтанат салығы туралы норманы қосу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда жаңа Салық кодексіне сән-салтанат салығын енгізіледі деген хабар тарады. Қазақстан азаматтары жаңа салық түріне қатысты пікірлерін ортаға салып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқылаған еді.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе Үкіметте де жан-жақты қаралып жатыр.

«Қазір сән-салтанат салығына қатысты талқылаулар жүріп жатыр. Бұл норма жаңа Салық кодексінің жобасына енеді», деді Ерұлан Жамаубаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, талқылауға кәсіпкерлер, Парламент депутаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып отыр.

Десе де, министр атап өткендей, сән-салтанат салығын есептеудің тиісті межесі әлі нақтыланбаған.