24 ақпанда Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде, Арыстанды өзенінің сағасында жүрген аңшы жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД-нің 80 қызметкері, 7 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 1 ұшу құралы, Полиция департаментінің 8 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері және жергілікті тұрғындардан 60 адам мен 1 ұшу құралы жұмылдырылды.
Жоғалған ер адам 24 ақпан сағат 22:30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен (серігінің айтуы бойынша соңғы рет осы уақытта хабарласып, қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған).
Қазіргі сәтте ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) көмегімен 45 км шақырымдай жерге әуеден шолу жұмыстары жүргізілді.