Сенат отырысы аясында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті 130 млн-ға азаятынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Нақтыланған бюджет шеңберінде биыл ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінің қаржысы 130 млн теңгеге қысқарады», деп атап өтті Дәурен Темірбеков.
Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің бюджеті біртіндеп қысқаратынын айтқан еді.