• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Наурыз, 2023

Жайнады «Гүлдер» жаңғырған

521 рет
көрсетілді

«Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, Тартшы құрбым бір күй-ай...» Сонау алпысыншы жылдардың соңында қаз-қатар тізілген қыздардың осы әнге домбыра ұстап билегені көзкөрген жанның әлі есінде. Кейін бұл би «Гүлдердің» атын ел арасында ғана емес, шартарапқа да шығарды. Былтыр «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблін жаңғырту жобасын қолға алған еді.

Талантты жастармен қайта жасақталған шығармашы­лық ұжым күні кеше ғана тұсау­кесер-концертін өткізді. Сахнада – жаңа есімдер, жаңа үн, заманауи стиль, өзгеше образ. Қазақ өнерінің тарихында түрен салған әйгілі ансамбльдің жаңа құрамы мәдени сабақтастықты жал­ғай алатындарын дәлелдеді. Айтулы кешке «Гүлдердің» барша көрермені мен Пре­мьер-министрдің орынбаса­ры Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты.

Бүгінде қайта бүр жарған «Гүлдердің» ұлан-ғайыр қа­зақ даласының әр түкпіріне тараған атақ-абыройы әмбе­ге аян. Өз уақытында қо­ғам­ды дүр сілкіндірген шы­ғар­­машылық ұжымы Қы­тай, Үндістан, Германия, Жа­по­ния, Куба, Болгария, Моң­ғолия, Израиль, Оңтүстік-Шы­ғыс Азия мемлекеттеріне гастрольдік сапарларға шы­ғып, ұлт өнеріне тәнті еткен еді. Тарихты парақтасақ, ан­самбль алғашында 71 адам­нан құралыпты. Сара Ты­ныш­тығұлова, Роза Рым­баева, Қапаш Құлышева, Қай­рат Байбосынов, Айжан Нұр­мағамбетова, Мақпал Жүні­сова, Нағима Есқалиева, Майра Нүркенова, Сембек Жұмағалиев, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева басқа да әртістер осы ансамбльден ширығып шықты.

«Гүлдер» ансамблін жаң­ғырту жобасын жүзеге асы­ру мақсатында ұжымға шығар­машылық оқу орындарының түлектері алынды. Тәжірибелі тәлімгерлер – бас балетмейс­тер Анвара Садықова мен жо­баның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов шақырылған. Дәл осы жыл­дың маусым және шілде ай­ла­рын­да ансамбльдің құрамына өнерпаздарды қабылдау үшін тәлімгерлер Қазақстанның бірқатар қаласында кастинг жүргізді. Кейін ұжымның жаңаша бағыттағы қызу да­йындық жұмыстары бас­талып кетті. Ансамбльдің бұ­рынғы құрамында өнер көр­сеткен талантты әншілер мен кәсіби бишілер арнайы шақырылып, репертуары жаңа музыкалық шығармалар­мен жаңартылған. Мәселен, өнер ұжымының брендіне айналған «Бипыл» (хорео­гра­фиясы Д.Қияқованың), «Аса­таяқ» (хореография­сы З.Райбаевтың), «Малайзия биі» (хореографиясы Г.Из­май­лованың) және бас­қа да билер хореограф Та­тья­на Ауталипованың қаты­суы­мен жүргізілсе, жаңа хо­рео­графиялық композиция­лар­ды Гүлнәр Саитова, Ка­рина Хайтматова, Гүлден Фат­кулла, Евгений Моисеев, Карина Жиренбаева, Мөл­дір Нығымет сынды хореографтар қой­ды. Қазір қайта жасақталған ансам­бльдің құ­рамында 15 биші мен 9 музыкант бар.

Айта кетейік, қазір «Роза Бағланова атындағы «Қа­зақ­концерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымының басты мақ­саттарының бірі – осы ансамбльді жаңа құраммен көрерменге таныстыру болып отыр. Сондықтан биыл жалпы аталған ұйымға қарасты шығармашылық ұжымдарға 5 халықаралық және 3 рес­пуб­ликалық, 8 бағыттағы шет мем­лекетке және 5 бағыт бо­йынша республикалық гас­т­роль­дік сапар жоспарланып отыр. Соған сай «Гүлдер» де Оңтүстік Корея, Фран­ция, Бельгия, Венгрия, Қыр­ғызстан, Өзбекстан және бас­қа да елдерде өнер көрсетеді. Ал ендігі концерт Алматы қаласында өтпек.

Аңыз-ансамбльдің жа­ңа толқынын дайындау жұ­­мыстары да оңай бол­ған жоқ. «Гүлдердің» бұ­рын­­ғы видеоқұжаттары сақ­тал­­ғанымен, архивтік құ­жат­­­тарды ақтарып отырып, сол кездердегі қазақ би өне­­рінде қолданылған қи­мыл-қозғалыстары мен би түр­лері­не қатысты құнды мә­л­і­меттер табылмаған. Сол себептен ансамбльдің басы-қасында жүрген шығар­машылық топқа осы бағытта да көп еңбек етуге тура келді.

Жаңа жобаға дайындық кезінде ансамбльдің мұра­ғаттық материалдары мұ­қият зерделеніп, топтың «Ал­­­­тын қорынан» ең үздік нө­­мір­лер іріктеліп алынды. Айту­лы кешке ансамбльдің ал­ғашқы солистерінің бірі, Қа­зақ­станның халық әртісі Роза Рымбаева, Клара Төлен­бае­ва, жас әншілер Мәди Сыз­дықов, Зарина Божакова, Ди­дар Әбдіхалық, Салта­нат Мең­діғалиева, «Turan» фольк­­лорлы-этнографиялық ансамблі мен «Steppe Sons» аль­­тернатив-фольк тобы қа­тыс­ты.

«Гүлдердің» орында­уын­да «Бипыл», «Асатаяқ», «Малайзия», «Хорезм», сон­дай-ақ музыкалық ком­пози­ция­ларға арналған түрлі ба­ғыт­тағы билері ұсынылды. Ән мен би кезек өрілген кеш барысында әйгілі ұжымның тарихынан сыр шертетін ­видеофильмдер көрсетілді. Оған қоса ансамбльдің бұ­рын­ғы өнерпаздары экран ар­қылы ыстық естеліктерімен бөлісіп, жаңа құрамға – жас таланттарға сәттілік тіледі.