• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2023

Ресейге авиациялық техниканы заңсыз экспорттағандар қамауға алынды

322 рет
көрсетілді

АҚШ-тың екі азаматы Ресейге қарсы санкцияларды бұзды деген күдікпен Канзаста қамауға алынды. Бұл туралы АҚШ Сауда департаментінің өкілі Мэттью Аксельрод мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

59 жастағы Кирилл Григорий Буяновский мен 55 жастағы Дуглас Робертсон KanRus сауда компаниясын басқарған.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, екеуі АҚШ-тың экспорт заңын бұзып, Ресейге күрделі авиациялық жабдықты сату туралы келісімге отырған.

Егер олар кінәлі деп танылса, тауарларды лицензиясыз экспорттағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокурорлар екі азаматтың 2020 жылдан бастап заңсыз сауда жүргізіп келгенін айтты.

Әділет департаментінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың ақпаны аралығында олар жөндеу жабдықтарын Ресейге жіберіп отырған.