• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2023

Қостанай облысында бетперде киген азамат дүкен тонаған

163 рет
көрсетілді

2 наурызда Рудный қаласының жанындағы Қашар кентінде дүкен сатушысын бетперде киген адам тонап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кешкі уақытта дүкенге қара бетперде киген адам кіріп, кассадан 30 мың теңге ұрлап кеткен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеру кезінде 52 жастағы ер адамды ұстады, одан ұрланған ақша тәркіленді», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, күдікті бұған дейін есірткі сақтағаны үшін істі болған.

Аталған дерек 191-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.