• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2023

Заң күшіне енді: Балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл төлейді

672 рет
көрсетілді

Қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл көлемі 4 есеге өсті. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер 6 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл заңды желіде қызу талқылап, бірі қолдап, бірі қарсы болды. Дегенмен, заңдағы бұл өзгерістерге Президент 3 қаңтар күні қол қойған болатын. Енді балағат сөз айтқандар заң алдында жауап беріп, 69 мың теңге айыппұл төлейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін балағат сөздерге салынатын айыппұл нормасы түсіндірілген еді.