• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2023

ЕҚЫҰ сарапшылары еліміздегі сайлау жүйесінің реформасына оң баға берді

354 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасының кейбір ережелері Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының алдыңғы ұстанымдарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 наурызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы алдағы ҚР Парламентіне сайлауды байқау жөніндегі миссияның аралық есебін жариялады.

«Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы байқаушыларының миссиясы сайлау процестерін ұйымдастыру шарттарын және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдайды. Аталған есепте сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасына оң баға беріп, оның кейбір ережелері Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының алдыңғы ұсынымдарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, бұл сайлау шегін төмендету, тікелей дауыс беру арқылы толық сайланатын Мәжілісті енгізу, сондай-ақ партияларды тіркеуге қойылатын талаптарды жеңілдету», деді А.Смадияров.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы оң бағаланды. Интернетте әрі көптеген кандидаттары бар бір мандатты сайлау округтерінде қызу сайлау науқаны атап өтілген.

Есепті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сайтында толығымен көруге болады.