• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Айтыс 06 Наурыз, 2023

Республикалық айтысқа жолдама алды

293 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін орталықтың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жыр алыбы – Жамбылым» атты оқушылар айтысы өткізілді.

Ұзақ жылдар бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан айтыс додасы­на өңірдің барлық ауданынан талант­ты жасөспірімдер қатысып, жүл­­делі орындарды сарапқа салды. Өнер до­дасының жеңімпаздары рес­пуб­ли­ка­лық айтысқа жолдама алатыны бел­гілі. Содан да болса керек, өңірлік деңгейдегі жыр аламанына оқушылар сақа­дай сай дайындықпен келіпті. Олар­дың өзара сөз қағысуы, уытты әзіл­дері оқушылардан гөрі үлкендер ара­сын­дағы тартысты еске түсірді. Бәл­кім тәлімгерлері тыңғылықты да­йын­даған да шығар...

Тартысты өткен жыр додасының жеңімпаздарын анықтау белгілі қа­ламгерлерден құралған қазылар алқа­сына оңай соққан жоқ. Әйтсе де, мың ойлана, он толғана келе олар облыстық айтыстың бас жүлдесін Жамбыл ауданынан келген Алина Айдаралыға берсе, жүлделі бірінші орын қордайлық Санжар Тынышбекке бұйырды.

Өңірлік додада жеңімпаз атанған екі жас айтыскер енді республика­лық деңгейде өтетін «Жыр алыбы – Жам­былым» атты оқушылар айтысында өңір намысын қорғайтын болады.