• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Наурыз, 2023

Түркияға барған құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды

247 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркиядағы зілзалада ерлік көрсеткен құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, Түркияға көмекке барған қазақстандық құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. 

«Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын. Ведомстводағы жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70 пайызға дейін ұлғаяды», деп жауап берді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына.