• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Театр 09 Наурыз, 2023

Мерейтойлық маусым жалғасады

246 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана Балет» театрының мерейтойлық маусымға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Алқалы жиында театр директоры Александр Совостьянов, көркемдік жетекші Нұрлан Қанетов, бас дирижер Арман Оразғалиев, сондай-ақ Urker тобының мүшелері Айдос Сағат пен Рүстем Мусин баяндама жасады.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана Балет» театрының мерейтойлық маусымға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Алқа­лы жиында театр директоры Александр Совостьянов, көр­кемдік жетекші Нұрлан Қа­нетов, бас дирижер Арман Оразғалиев, сондай-ақ Urker тобының мүшелері Айдос Сағат пен Рүстем Мусин баяндама жасады. 

Аталған өнер ордасы биыл­ғы оныншы мерейтойлық мау­сымның екінші жартысында да көрермен назарына қызықты әрі мазмұнды бағдарлама ұсын­бақ. Оның ішінде театр ре­пертуарындағы үздік қойы­лымдар, жаңа премьера­лар, танымал әртістермен, ұжым­дармен бірлескен іс-шаралар мен гастрольдік сапарлар бар. Театр директоры Александр Совостьяновтың айтуынша, 21-22 наурызда «Астана Балет» сахнасында мәдени құбылысқа айналған Urker тобының 30 жылдығы қарсаңында театрдың симфониялық оркестрімен бір­лескен концертке дайындық жүріп жатыр. Бұл кеш мамыр айында Алматы қаласында да өткізіледі.

«Маусымның тағы бір ерек­ше қойылымы – талантты әр­тістер Светлана Захарова мен Диана Вишнева өнер көрсететін «Кармен-сюита» спектаклі. Бірі сәуір айында, екіншісі мамыр айында Алматыдағы гастроль барысында сахнаға шығады. Спектакль оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Ж.Бизе – Р.Щедриннің музыкасына кубалық хореограф Альберто Алонсо қойған, техникалық орын­далуы тұрғысынан аса күр­делі әрі буырқанған сезімге толы «Кармен-сюита» балеті сәт­ті шығады деп ойлаймын. Бұдан бөлек Қазақстандағы Фран­ция елшілігі жыл сайын «Фран­комфония көктемі» де­ген атаумен мәдени іс-ша­ра­лар өткізеді. Биыл театр­ өне­рін сүйер қауым үшін елші­лік­тің ғаламат тартуы да да­йын. Францияның Rue des arts ұжымы елімізде алғаш рет өнер көрсетіп, әйгілі Costard қойылымын 9 сәуірде «Астана Балет» театрының сахнасында паш етеді», деді Александр Совостьянов.

Сонымен бірге 15-16 сәуірде қос премьера таныстырыл­мақ. Айнұр Әбілғазинаның «Soli Deo Gloria» және Ол­жас Махан­бетәлиевтің «Nine» атты заманауи­ бір актілі ба­лет­­теріне бүгінде қызу да­йын­­­дық жүріп жатыр. Ал 1 ма­­мырда І республикалық «Ашық сахна» байқауының же­­­ңімпаздарын салтанатты ма­ра­паттау рәсімі өтіп, «Жеті қазына» хореографиялық ми­ниатюрасының премьерасы көрсетіледі. Айта кетейік, осы байқаудың арқасында хореография өнері саласындағы дарынды хореограф, сценограф, композитор, сценаристер топ жарған еді. Дүбірлі дода заманауи отандық хореогра­фияны дамытуда тың идеялар мен формаларды тауып, балет өнері саласындағы ұлттық дәстүрдің барынша тамыр жаюы­на ықпалдасу мақса­тын­да бастау алған.

«Театр ұжымы 22-23 сәуірде Ақтөбе қаласына гастрольдік сапарын өткізіп, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының сахнасында Рикардо Амарантенің «A Fuego Lento» және Джордж Баланчиннің «Серенада» балеті ұсынады. 13-21 мамыр күндері аралығында «Астана Балет» театрының ұжымы әлемдік және отандық классика жауһарлары мен бірегей хореографиялық қойылымдарын Алматының талғампаз көрермен қауымына тарту етеді. Almaty Theatre сахнасында Дж.Баланчиннің «Серенада», А.Алонсоның «Кар­мен-сюита», И.Килианның «Жолдан тайғандар», Карина Абдуллинаның «Тағдыр бұл­тарыстары» және Мукарам Авахридің «Саломея» секілді туындылары көрсетіледі. Ал маусымның жабылуында клас­сиканың биік үлгілерінен бастап, заманауи хореография өнерінің бірегей туындылары паш етіледі», деді театр директоры.

Айта кетейік, аталған жоба-жос­парлар Мәдениет және спорт министрлігінің қол­дауы­мен жүзеге асырылады.