• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Наурыз, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

451 рет
көрсетілді

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Ұйытқыған жел жауын-шашынды, қар мен жаңбырды айдап өтеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аудандарда бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 11-12 наурызда елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, республиканың шығысында 12-13 наурызда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болуы мүмкін, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 12-13 наурызда нөсер жауын жауады. Елдің барлық бөлігінде тұман түсіп, солтүстік бөлігінде көктайғақ болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Ауа температурасы: елдің батыс облыстарында түнде – 0-10 градус жылы ауа райынан -2-8 градусқа дейін құбылса, күндіз 3-15-тен 7-18 градус аралығында жылы болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталық пен шығысында түнде 0-12-ден 3-15 градусқа дейін төмендесе, күндіз минус 3- плюс 10-нан, минус 5- плюс 3-ке дейін суытады. Оңтүстікте түнде минус 3-плюс 10 болса, күндіз 10-20 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік-шығыста түнде 0-8 болса, күндіз де 2-18 аралығында жылы болады.