• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Наурыз, 2023

Көлікке жалған техникалық байқау құжатын жасатқандарға жаза күшейеді

352 рет
көрсетілді

Енді көлікті техникалық байқаудан өткізбей өтірік құжат жасағандар заң бойынша жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы парламенттік сауалға жауап ретінде Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгерістер енгізіліп жатыр. Өзгерістер міндетті техникалық байқау саласындағы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

«Осылайша, көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін жаза күшейту көзделеді. Жалған   техникалық байқау құжатын жасатқаны үшін автокөлік иелеріне сондай-ақ жалған құжатты жасап  бергендерге де айыппұл қарастырылған», деді Смайылов.