• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Наурыз, 2023

Банкротыққа жалған өтініш бергендерге 700 мың теңге айыппұл салынады

401 рет
көрсетілді

3 наурызда жеке тұлғалардың банкроттық туралы өтініштерін қабылдау рәсімі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өтінішті eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн беруге болады.

Бір апта ішінде өтінішті 12 500 адам өтініш беріп үлгерген. Ең көп өтініш Түркістан обылысы, Алматы облысы және Алматы қаласынан келіп түскен. 

Бұл ретте, өтінішті банкротқа ұшыраған адамның өзі ғана бере алатынын атап өткен жөн. Бұған дейін «Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» бойынша өтініш беру үшін қажет құжаттардың тізімін жариялаған едік. Ал жалған өтініш бергендерге 700 мың теңге айыппұл салынады.

«Егер өтініш беруші атындағы мүлкін туысқандарының атына жаздырып, кірісін жасырғаны анықталса, қабылданған өтінішітің күші жойылып, айыппұл салынады», деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Исабек Зауытбекұлы.