• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы № 442

268 рет
көрсетілді

2013 жылғы 26 желтоқсан,  Астана қаласы «Байланыстың кабельді және әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Байланыстың кабельді және әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ.Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М.Жақсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін түзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. РАУ. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ______________ Д.Дүйсенова 2014 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылдың 26 желтоқсандағы № 442 бұйрығымен бекітілген «Байланыстың кабельді әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Байланыстың кабельді әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Электр энергиясын беру», «Электр энергиясын тарату» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге; 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге; 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған. 2. КС негізгі пайдаланушылары: 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады. 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді. 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат; 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар; 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі; 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі; 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі; 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті; 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі; 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы; 14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы. 2. КС паспорты 5. КС паспорты келесіні анықтайды: 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 35.12 «Электр энергиясын беру», 35.13 «Электр энергиясын тарату». 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: жұмысқа қабілеттілікті немесе түзетулерді, сонымен қатар байланыстың кабельді, әуе желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері. 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары 1-параграф «Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтері» 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2, СБШ бойынша – 2; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - қондырылған, байланыстырылған құралдың тірек типін көрсетіп, жергілікті және жеке құрылыстарымен әуе желілері трассасының кескін жобаларын құрастыру; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген. 2-параграф «Кабельді желі трассаларын қадағалау жөніндегі электр монтері» 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2, СБШ бойынша – 2; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: кабельді желі трассаларын қадағалау жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - құрылыс құрастыру ұйымдарында жаңа кабель желілерін тарту кезінде электр қондырғыларының дұрыс орнатылуын бақылау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кабельді желі трассаларын қадағалау жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген. 3-параграф «Электр беру әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтері» 8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: электр беру әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты үдерістерді жүзеге асыруы: электр беру желілерін кернеумен және механизация құралдарының көмегімен оқшаулау, найзағайдан сақтандырғыштарды жөндеу, монтаждау, демонтаждау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр беру әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген. 4-параграф «Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтері» 9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3, СБШ бойынша – 2-3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты үдерістерді жүзеге асыруы: қайталама коммутацияның қарапайым аппаратуралары мен тізбектерін бөлшектеу мен жинау, құрал және аппарат байланыстары мен бөлшектерін жуу, тазалау, контактілер мен контакт беттерін тазалау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген. 5-параграф «Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтері» 10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3, СБШ бойынша – 2-3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты үдерістерді жүзеге асыруы: кабель тарату үшін трасса, канал, үңгіртау, коллектор дайындау және кабель желілерінің байланыстарын демонтаждау, жөндеу, монтаждау кезінде қосымша жұмыстар жасау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген. 6-параграф «Тарату желілеріне жедел қызмет көрсету жөніндегі электр монтері» 11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: тарату желілеріне жедел қызмет көрсету жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты үдерістерді жүзеге асыруы: электр торабы аймақтарындағы электр құралдарына жедел қызмет көрсету: электр құралы қызметінің сенімді және үнемді жұмыс тәртібін енгізу мақсатында күрделілігі II деңгейлі таратушы желілерге, қуаттылығы 35 кВ күрделілігі III деңгейлі шағын бекеттермен бірге күрделілігі II деңгейлі таратушы желілерге қызмет көрсету, тұтынушыларды қуаттылықтың қалыпты деңгейімен қамтамасыз ету; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Тарату желілеріне жедел қызмет көрсету жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген. 7-параграф «Тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтері» 12. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7137 «Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты үдерістерді жүзеге асыруы: электр тасымалы қондырғылары мен желілерін жөндеу, анықталынған ақауларды жою, таратушы пунктер мен трансформаторлық шағын бекеттердің қондырғыларын тазарту, күш пен қуаттылықты өлшеу, таратушы пункт, трансформаторлық шағын бекеттер мен электр тасымалы желілерінде жұмыс орындарын дайындау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 7-кестесінде келтірілген. 4. КС бірліктерінің тізімі 13. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-7-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады. 5. КС бірліктерінің сипаттамасы 14. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері 15. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі. 16. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады. 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі 17. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. 18. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген. «Байланыстың кабельді әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 1-қосымша Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері № р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ біліктілік деңгейлері БТБА бойынша разряды 1 Қондырылған, байланыс-тырылған құралдың тірек типін көрсетіп, жергілікті және жеке құрылыстарымен әуе желілері трассасының кескін жобаларын құрастыру Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтері Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтері 2 3 2 Кабельді желі трассаларын жоспарлы қадағалау Кабельді желі трассаларын қадағалау жөніндегі электр монтері Кабельді желі трассаларын қадағалау жөнін- дегі электр монтері 2 3 3 Кернеудің барлық класындағы электр берілісінің өшірілген желілеріндегі жоғарғы және төменгі жөндеу жұмыстарын жүргізу Электр берілісінің әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтері Электр берілісінің әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтері 2-4 2-8 4 Қайталама коммутацияның қарапайым аппаратуралары мен тізбектерін бөлшектеу мен жинау. Орташа күрделі релені жөндеу және реттеу Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтері Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтері 2-3 2-6 5 Кабель тарату үшін трасса, канал, үңгіртау, коллектор дайындау. Жер жұмыстарын орындау. Кабель желілерін траншеяға тарату Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтері Кабельді желі- лерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтері 2-3 2-6 6 Электр тізбегінің электр қондырғылары ауданына жедел қызмет көрсету Тарату желілеріне жедел қызмет көрсету жөніндегі электр монтері Тарату желіле-ріне жедел қыз- мет көрсету жө-ніндегі электр монтері 3-4 3-7 7 Таратушы пункт, трансформаторлық шағын станциялар мен электр берудің әуелі және кабельді желілерінің қондырғыларына қызмет көрсету Тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтері Тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтері 2-4 2-6 Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген «Байланыстың кабельді әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету бекеттері Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары жоқ Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 2-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кабельді желі трассаларын қадағалау жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Электр энергетикасы, электр станциясы саласындағы ұйымдар, құрылыс-монтаж ұйымдары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары жоқ Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Электр беру әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Электр энергетикасы, электр станциясы саласындағы ұйымдар, құрылыс-монтаж ұйымдары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес Электр тізбегіндегі жоғары кернеу, тұйықталу, электр өрісінің және кернеудің әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 4-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Электр энергетикасы саласындағы ұйымдар, электр станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары жоқ Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 5-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Электр энергетикасы саласындағы ұйымдар, электр станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары жоқ Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 6-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Тарату желілеріне жедел қызмет көрсету жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Электр энергетикасы саласындағы ұйымдар, электр станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Электр тізбегіндегі жоғары кернеу, тұйықталу, электр өрісінің және кернеудің әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде 7-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Электр энергетикасы саласындағы ұйымдар, электр станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Электр тізбегіндегі жоғары кернеу, тұйықталу, электр өрісінің және кернеудің әсері Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы немесе кәсіпорындарда білім беру базасындағы қысқа мерзімді курстар) Еңбек өтілі қажет етілмейді 3 Жалпы орта білімі негізінде бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту Кемінде 2 жыл Техникалық және кәсіби білім, практикалық жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Кемінде 2 жыл 3 деңгейде   «Байланыстың кабельді әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 3-қосымша КС бірліктерінің тізімі 1-кесте «Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Әуе желілері трассаларын нобайлау жоспарларын жасау, оларды тіреулердің, орнатылған және қосылған жабдықтың түрін көрсете отырып, жерге және жеке құрылыстарға бекіту. Калькадағы жаңа Ә әуе желілерінің жоспарларын (сызбанұсқаларын) әзірлеу және қолданыстағы жоспарларды түзету. Қайта құрылған әуе желілері не паспорт мәліметтерін жасау 2 Ф Әуе желілері сызбанұсқаларына тіреу нөмірлерін, сондай-ақ тарату пункттерін және трансформатор шағын станцияларын енгізу. Жаңа кабель желілерінің, қолданыстағы кабель желілерінің жаңа муфталардың нобайын жасау, оларды қада белгілер бойынша дұрыстау немесе жеке құрылыстарға бекіту 3 Ф Нобайлар, жаңа жоспарлар бойынша жаңа кабель желілеріне жоспарлар мен калькалар және тозығы жеткен калькалардың орнына жаңа калькалар әзірлеу. Жоспарлар мен калькаларға кабель желілері мен муфталардың орналасуындағы барлық өзгерістерді енгізу. Қайта салынған кабель желілерінің паспорт карталарын жасау 2-кесте «Кабельді желі трассаларын қадағалау жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Кабель желілері трассаларына жоспарлы барлау жүргізу. Құрылыс-монтаж ұйымдарына кабель желілері өтетін аймақта жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру және оларды оқтын-оқтын бақылау 2 Ф Ұйым басшыларына кабель желілері өтетін аймақта жер жұмыстарын жүргізу тәртібі туралы мәлімдеме тапсыру 3 Ф Құрылыс-монтаж ұйымдарының жаңа кабель желілерін салу кезінде электр қондырғылары ережелерін сақтауын қадағалау   3-кесте «Электр беру әуе желісін жөндеу жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Кернеудің барлық класындағы электр берілісінің өшірілген желілеріндегі жоғарғы және төменгі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2 Ф Күрделі емес құрылғылар мен бөлшектерді: кронштейндерді, ілмектерді, қайырмаларды, шплинттерді дайындау жөніндегі қарапайым слесарь операцияларын орындау. Сымдар мен тростарды механикалық тазалау 3 Ф Электр беру желілерін арнаулы машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып жөндеу, монтаждау және бөлшектеу. Екі тізбекті желінің ажыратылған тізбесінде жұмыс істеу және электр беру желілерін әр фаза бойынша жөндеу. 4 Ф Қиын жағдайларда қуат астындағы металл тіреулерді қолмен және механизмдердің көмегімен тазалау және бояу 5 Ф Кернеу астындағы жабдықтың тоқ өткізгіш бөліктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сызбалар мен нобайлар бойынша жөнделетін құрылғылар мен көтеру-тасымалдау механизмдерін жинау және әзірлеу, реттеу және тексеру бойынша күрделі жұмыстарды орындау 6 Ф Жеткізілген қуат астындағы желіде жұмыс істеу. Трассаларды химиялық тәсілмен тазарту және сымдарды жарылыс тәсілімен қосу кезіндегі жұмыстарға басшылық ету. Қуаты 220 кВ және одан жоғары электр беру желілерінде және баруға қиын жерлер мен аса күрделі табиғи жағдайларда жұмыстың барлық түрлеріне басшылық ету 4-кесте «Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Қайталама коммутацияның қарапайым аппаратуралары мен тізбектерін бөлшектеу мен жинау. Құрал және аппарат байланыстары мен бөлшектерін жуу, тазалау, контактілер мен контакт беттерін тазалау. 2 Ф Автоматика және телеавтоматика сызбанұсқаларын тексеру және жөндеу және реле механизмдерін жөндеу үшін күрделі сынақ сызбанұсқаларын жинау 3 Ф Диспетчерлік жабдық пен қайталама коммутация аппаратурасына электр тексерістерін жүргізу 4 Ф Күрделі релелік қорғанысты монтаждау және оның модернизациясы, электр техникалық қондырғылардың модернизациясы бойынша жұмыстар 5 Ф Телеавтоматика, электромагнитті және электрмеханикалық блокировка қондырғыларының қорғанысы мен сызбасын тексеру үшін кешенді тексеріс құралдарының техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу бойынша жұмыстар 5-кесте «Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Кабель тарату үшін трасса, канал, үңгіртау, коллектор дайындау. Жер жұмыстарын орындау. 2 Ф Кабель желілерін траншеяға тарату. Траншея, коллектор, құбыр, блоктардағы кабель құрылғыларын, күштік кабельдер мен кабельдік арматураларды монтаждау және демонтаждау. 3 Ф Байланыстырғыш, тоқтатқыш және ұштық муфталарды, газбен толтырылған кабельдердің байланыстырғыш, жартылай тоқтатқыш муфталарын монтаждау, жөндеу 4 Ф Күштік кабельдердің газды және электрлік дәнекерлеу арқылы мысты алюминийлі желілермен ұштануы мен байланысуы. Электрлік және пневматикалық өткізгіштердің күрделі әмбебапты, арнайы жабдықтары мен механизмдерін басқару 6-кесте «Тарату желілеріне жедел қызмет көрсету жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Электр тізбегінің электр қондырғылары ауданына жедел қызмет көрсету. Электр құралы қызметінің сенімді және үнемді жұмыс тәртібін қамтамасыз ету. Тұтынушыларды қуаттылықтың қалыпты деңгейімен қамтамасыз ету 2 Ф Қондырғыны жөндеуге жіберу, оны жұмысқа қосу, жұмыстан немесе резервтен шығару арыздарын қабылдау мен мәмілеге келу. Тарату қондырғыларын ауыстыру және шағын станциялардың диспетчерлік пунктерінде болатын қондырғыларды тексері. Жедел байланыс қондырғыларындағы ақауларды жою бойынша жұмыстарды бақылау 3 Ф Жұмыс орындарын дайындау мен қабылдау. Жұмыскерлерге шағын станциялардағы жұмысты жүргізуге рұқсат беру. Электр тізбегінің аудандық жұмысы туралы жедел ақпаратты жинау мен беру. Авариялық жағдайды жоюды басқару 7-кесте «Тарату желілерін пайдалану жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Таратушы пункт, трансформаторлық шағын станциялар мен электр берудің әуелі және кабельді желілерінің қондырғыларын тексеруге қатысу. 2 Ф Таратушы пункт, трансформаторлық шағын станциялар мен электр берудің қондырғыларын жөндеу. Анықталынған ақауларды жою, таратушы пунктер мен трансформаторлық шағын бекетттердің қондырғыларын тазарту, күш пен қуаттылықты өлшеу. Тарату пунктері мен трансформаторлық шағын станцияларда және тізбек тәртібінің өзгеруіне тәуелсіз ауысу жүргізетін электр беру желілерінде жұмыс орындарын дайындау. Жаңа тарату пунктері мен трансформаторлық шағын станцияларды, электр берудің әуелі және кабельді желілерін қосуға дайындалу. 3 Ф Тарату пунктері мен трансформаторлық шағын станцияларды жөндеу кезінде құрылыс жұмысшыларын қадағалау Ескертпе: Ф – функция. «Байланыстың кабельді әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 4-қосымша КС бірліктерінің сипаттамасы 1-кесте 1. СБШ 2-деңгейіндегі «Электр беру желілері трассаларын нобайлау жөніндегі электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі Ф 1 Әуе желілерінің жоспарлары мен нобайлары Калька, мамандан-дырылған жабдық, қол еңбегі 1-1 М Нобайлар бойынша калькадағы жаңа әуе желілерінің жоспарларын (сызбанұсқаларын) әзірлеу және қолданыстағы жоспарларды түзету. Қайта құрылған әуе желілеріне паспорт мәліметтерін жасау Әуе байланыс желілерінің жоспарлары мен нобайларын әзірлеу кезіндегі білік Қарапайым типтік міндеттерді орындау кезінде нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен әдістері, еңбек заты туралы базалық білім   Ф 2 Тарату пункттерінің, трансформатор шағын станциялары-ның сызба нұсқалары мен нобайлары Құралдар, мамандан-дырылған жабдық, қол еңбегі 2-1 М Әуе желі сызбанұсқаларына тіреу нөмірлерін, сондай-ақ тарату пункттерін және трансформатор шағын станцияларын. Жаңа кабель желілерінің, қолданыстағы кабель желілерінің жаңа муфталарының нобайын жасау Жаңа кабель желілерінің, қолданыстағы кабель желілерінің жаңа муфталарының нобайын жасау кезінде өз іс-әрекеттеріңді қадағалау және түзету дағдылары Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды білу. Электротехника негіздері, әуе және кабель желілері құрылысының сызбалары мен жобаларын оқу ережелері Ф 3 Кабель желілері мен муфталар жоспарлары Құрал