Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес, келтірілген залал сомасы 68 миллион 800 мың теңгені құрады.Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.