16 наурызда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстаннан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров қатысады.
Отырысқа қатысушылар Түркі мемлекеттері ұйымының мемлекеттер басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін талқылайды, сондай-ақ мемлекет басшыларының қол қоюы жоспарланған құжаттардың түпкілікті жобаларын бекітеді.