• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Сайлау 13 Наурыз, 2023

Ел тағдырына араласудың орайлы сәті

201 рет
көрсетілді

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сайлау – өзіңе берілген ерік, таңдау» деген екен. Ата-бабамыз аманаттап кеткен Отанымыздың жарқын келешегі мен Әділетті Қазақстан қоғамының бақуатты тіршілігі үшін алдағы сайлауда өз батылдығымыз бен белсенділігімізді көрсететін сәт туып тұр.

Бұл саяси дода биыл­ғы жылдың ерекше оқиға­ларының бірі ретінде тарихта қалатынына өз басым сенімдімін. Жүрегі елім деп соққан әрбір азамат ертеңіміз үшін таңдау жасауға асығып, оған өз отбасын, көрші-қолаңдарын жұмылдырып, сайлау күнін кәдімгі мейрамдай етіп жатса, бір ғанибет. Бүгінде небір асыл азаматтарымыз, үкілі үміткерлеріміз халық көңілінен шығатын бағдарламаларын ұсынып, ауылдарымыз бен қалала­рымыздың дамуына серпін боларлық жөн-жобаларын жариялады. Көптің көңіліне жаққаны аламанда аты озсын дейміз.

Баршамыз үшін ел тағды­рына араласу, болашаққа үн қосудың орайы келіп тұр. Осы бір сын сағатын лайықты жауапкершілікпен атқарып шығайық. Бізден кейінгі ұрпақ гүлденген, қуатты мемле­кетте өмір сүрсін десек, белсен­ді болайық. Алдағы жыл­дары халықтың үнін Мә­жіліс пен мәслихаттарда жеткізетін тұлғалардың кім болмағын шешетін сая­си науқан әрбірі­міз үшін маңыз­ды.

 

Балтабай СЫЗДЫҚОВ,

Мәдениет қайраткері,

Баянауыл ауданының

құрметті азаматы