Жетісу облысында ер адам көлікпен төрт жылқыны қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 наурызда Алматы-Өскемен тасжолының 196 шақырымында 46 жастағы ер адам тізгіндеген JAC S3 жол талғамайтын көлігі жылқыларға соғылды.
Жол апаты салдарынан 45 жастағы жолаушы әйел зардап шегіп, түрлі дене жарақаттарымен Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды.