• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2023

Амал мерекесі ұлтымыздың ырысын арттыруға үлес қосады - М.Әшімбаев

524 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Амал мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті достар! Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал – жылдың басы, қыстың қаһары қайтып, халық жаймашуақ көктеммен қауышатын ерекше сәт.

Бір кездері еліміздің батыс өңірлерінде ғана тойланатын бұл мейрам бүгінде кең байтақ Қазақстанның әр қиырында аталып өтеді. Бұған соңғы жылдарда әз-Наурыздың мазмұнын байыту тұрғысынан жасалған маңызды қадамдардың да оң әсері болғаны сөзсіз.

Осы күндері алыс-жақындағы ағайын арқа-жарқа болып, қол алысып, төс қағыстырып, бір-біріне ізет-құрмет көрсетіп, мейірімділік танытады. Сондықтан мұндай игі дәстүрдің ұлтымыздың ырысын арттыруға, халқымыздың бірлігін бекемдеуге қосар үлесі мол, ұрпаққа берер тағылымы зор деп есептейміз.

Баршаңызды жан жадыратар осынау көктем мерекесімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа жақсылық, қуаныш және бақ-береке тілеймін! Амалдан амалға аман-есен жете берейік! Жыл құтты болсын, ағайын!», делінген Сенат Төрағасының құттықтауында.