• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2023

Тәнті еткен тәтті торттар

446 рет
көрсетілді

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей алғаш рет дәмі тіл үйіретін тәтті торттардың топтамасын көпшілікке тарту етті. «Торт музейі» аталатын көрмеде бармағынан алматылық бал тамған кондитерлердің эксклюзивті авторлық торттары топтастырылған. Көрмеге қатысқан жергілікті шеберлер түрлі дизайндағы, алуан пішін мен өлшемдегі 40-тан астам торттың түрін жасауға ниет білдіріп, тәттіні нағыз өнер туындысына айналдырған.

Мысалы, «Белоснежка» ата­латын шедеврді әзірлеу үшін Инга Никуличева төрт тәу­лік уақытын жұмсаған. Ол – әуесқой кондитер. Құрамына қамыр, карамель, жеміс-жидек, қант қосылған тортты дайындау үшін 35 мың теңгесін жұмсаған, алайда бөлген уақытын, ең­бегін, шығармашылық ізденісін есептегенде, пісірген тортының на­рықтағы бағасы 100 мың тең­геге жуықтайды. «Алиса ға­­жайыптар елінде» – ең сүйік­ті ертегілерімнің бірі, бұл өнер­мен айналысқаныма көп болмаса да, алдымен мені тәнті еткен Бело­снежка бейнесін дайындауды ұйғардым», дейді Инга. Қазір ол кондитер-дизайнерлердің халықаралық байқауына қа­тысуға дайындалып жүр.

16 сәуірге дейін созылатын көрмеге келіп тәттілерді та­ма­шалайтындар торттардың та­рихы туралы қызықты мә­ліметтерге қанық болып, тортпен байланысты қызықты ин­терактивті бағдарламаларға қатысады. Сондай-ақ мұнда балалар тортпен байланысты ойын ойнап, суретке түсіп, уа­қытын қызықты өткізуге, дәм татып, шеберлік сыныбына қатысуға мүмкіндік алады. Шеберлік сыныбында аспаздар әрбір келушіге мастикпен сәндеп, өз шағын тортын әзірлеуге көмектеседі, күрделі ре­цептерді жеңіл әзірлеудің қыр-сырын үйретеді.

Тағам тарихын зерттеушілер торттың пайда бо­луы туралы түрлі болжам айтады. Олардың бірі тортты torta – «дөңгелек нан» деген мағынадағы италиан сөзімен байланыстырады. Торт бүгінгі Италияның аумағында 2000 жыл бұрын пайда болған десе, кейбір зерттеушілер Гре­кияны торттың отаны санайды. Ертедегі аспаздар торттың сал­масы мен безендіруіне жаң­ғақ, кепкен жеміс пен балды пайдалана отырып, қай­натылған дәннің езбесінен дайындаса, Шы­­ғыс әйелдері сүт пен күнжіт қо­сып пісірген. Алай­да торт қан­дай қоспамен әзірленсе де, бал та­ты­ған тәтті дәмінен ажырамайды.

 

АЛМАТЫ