Ресейде тұрақты тұрып жатқан азаматтарға азаматтық беруді жеңілдету үшін заң жобасына өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей Федерациясында тұрақты тұратын Қазақстан, Беларусь, Молдова және Украина азаматтарының Ресей азаматтығын жеңілдетілген алу құқығын қалпына келтіретін «Азаматтық туралы» заңға түзетулер енгізіледі. Жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін Ресейде тұрудың шартты мерзімін үш жылдан бір жылға дейін қысқарту ұсынылды.
Сонымен қатар Ресей азаматтығына қабылданған кезде талап етілетін 20-дан астам санат саны азаяды.