• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 15 Наурыз, 2023

Ералы Тоғжанов су тасқынына байланысты шұғыл отырыс өткізді

264 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданының Қобда ауылында су тасқынына қарсы штабтың шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елді мекенді су басудың алдын алу және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында 13 наурызда бұзылған «Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар жолдың 613-шақырымында металл су өткізгіш құбырларды орнату және инертті материалдармен толтыру жөніндегі жұмысты аяқтауды тапсырды.

Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі зардап шеккен әр отбасыға қажетті көмек берілетінін атап өтті.

«Ауданда комиссия құрылып, үйлер тексеріледі. Біз барлығына қолдау көрсетеміз, қаражат бөлеміз, мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз. Бұл жағдайға мұқият талдау жүргізіліп, су тасқынының қайталануына жол бермеу шаралары қабылданады», деді Ералы Тоғжанов.

Қобда ауданындағы жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.