Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу жақындап қалғанын ескертеді. Азаматтар көлік салығын 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге тиіс.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналастырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге салық органдары есептеген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары Kaspi Bank АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер» → «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ Kaspi Bank АҚ мобильді қосымшасында көруге бо- лады.