• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Наурыз, 2023

Ел мүддесі үшін дауыс беру керек

320 рет
көрсетілді

Алдағы жексенбіде, жақсылықтың жаршысы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жалпы жұрт күтіп отырған Парламент Мәжілісі және жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің демократиялық дамуындағы жаңа белес болатыны анық.

Бұл саяси науқанның ең басты ерек­шелігі – Мәжіліс депутат­ты­ғы­на үміткерлердің үштен бірі 19 жылдан бергі кезеңде бірінші рет мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға түсейін деп отыр. Жал­пы, әлемдік деңгейдегі ірі сая­сат­кер­лер­дің көбі бірмандатты округ­тен шыққанын ескерсек, бұл жолғы сайлауда әділ бәсеке болып, бұған дейін көлеңкеде қалып келген білікті, елшіл, намысты азаматтар өз қабілеттерін көрсетеді деген үміттемін. Кейінгі жылдары саяси партияларға деген халық сенімі азайып кеткені белгілі. Алдағы сайлаудың нәтижесінде, осы сенімнің қайта оянуына сеп болатын, ел игілігіне жұмыс істейтін қуатты заңдар қабылдайтын үлкен күш қалыптасады деген үмітіміз бар.

Ең бастысы, халықтың сая­си науқанға белсенді атсалысуы маңызды. Жеке басының, бала-шағасының, елдің бо­ла­шағын ойлаған әрбір азамат өзі тіркелген сайлау учаскесіне барып, саналы түрде өз таңдауын жасауға тиіс. Сай­лау­дағы ха­лық­тың белсенділігі – демо­кратиялық қоғамның бірден-бір өлшемі.

Біз өзіміз ауыл шаруашы­лы­ғын­дағы адам болғаннан кейін, үне­мі ауылдың жағдайын ойлап тұрамыз. Қазір үгіт-насихат жұмыстарының нағыз қызып тұр­ған шағы. Бірталай жиынға қа­ты­сып, үміткерлердің бағдар­ла­ма­сымен таныстым. Бұл жолғы сайлау қарсаңында ауыл халқы­ның тұрмысын жақсарту, ауыл инфра­құ­ры­лымын дамыту туралы жиі айтылып жатыр. Мені осы жағ­дай қуантады. Көңілге үлкен үміт ұя­ла­­тады.

«Бірлік болмай, тірлік болмайды», бәріңізді алдағы сайлауға бір адамдай атсалысып, ел мүддесі үшін дауыс беруге шақырамын.

 

Сайран БҰҚАНОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері

 

Қостанай облысы