Өскеменде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өз таңдауын бірінші болып 5518 әскери бөлімнің атқыш сарбазы қатардағы Амантай Рахметулла жасады.
Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.