ОСК сағат 16:10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98% бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
Абай облысы бойынша – 55,23%
Ақмола облысы бойынша – 58,96%
Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%
Алматы облысы бойынша – 59,45%
Атырау облысы бойынша – 48,15%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%
Жамбыл облысы бойынша – 64,78%
Жетісу облысы бойынша – 54,82%
Қарағанды облысы бойынша – 58,21%
Қостанай облысы бойынша – 64,81%
Қызылорда облысы бойынша – 64,95%
Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%
Павлодар облысы бойынша – 58,43%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%
Түркістан облысы бойынша – 49,14%
Ұлытау облысы бойынша – 58,26%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%
Астана қаласы бойынша – 38,57%
Алматы қаласы бойынша – 19,14%
Шымкент қаласы бойынша – 42,31%