UFC 286 турнирінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында әлемнің жетекші ММА лигасының президенті Дана Уайт қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Дана Уайттан журналист «Белал Мұхаммед үшін келесі жекпе-жек қандай?» деп сұрады. UFC басшысы болса: «Рахмонов. Біз жекпе-жек жөнінде жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді.
34 жастағы Белал Мұхаммад 2022 жылдың 22 қазанында Абу-Дабиде өткен UFC 280 турнирінде тағы бір америкалық Шон Брэдиді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Ал Шавкат Рахмонов өзінің кейінгі жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңген болатын.