• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Таным 20 Наурыз, 2023

Қар адамы: Аңыз ба, әлде шындық па?

717 рет
көрсетілді

1950 жылы алғаш рет қар адамы жайлы ақпарат тарай бастады. Сол жылы көптеген журнал беттерінде қар адамы жайлы мақалалар шықты. Журналдарда да альпинисттер қар адамын көргені жайлы мақалалар қаптап кетеді. Ал 1954 жылы Daily Mail газеті қар адамын іздеу үшін Гималай тауларына экспедиция жасайды.

Қар адамы (йети, сасквоч, бигфут) - адамға ұқсас тіршілік иесі. Таулы аймақ пен ормандарда мекендейді мыс. Ғалымдардың ойынша, бұл баяғы приматтар отрядына жататын тіршілік иесі. Гипотезаларға сүйенсек, қар адамы адамдарға қарағанда, дене бітімі шымыр, қолдары ұзын, бас сүйегі үлкенірек болып келеді

Қар адамы үңгілер немесе орманда мекендейді. Олардың бойы 1,5 – 2 м аралығында болған.

Антрополог Черницкий қар адамы жайлы көптеген мәліметтер жинап, ол туралы сипаттап, Йети – тік жүретін, қалың жүні бар, салмағы 35 – 100 кг аралығында болатын тіршілік иесі деген анықтама берген.

Ал Daily Mail газетінің қар адамын табуға талпынысы сәтсіз болып, экспедиция мақсаты орындалмады. Бірақ, жұмыс барысында, экспедицияға қатысушылар қар адамы жайлы біраз мәліметтер жинап алады. Қар адамына қатысты зерттеулер одан кейін де жалғасқан.

Пангбоче мен Кхимджунг шіркеулерінде адам қолына ұқсас іздер табылған. Алайда ғалымдар оның қар адамының емес, неандертальдықтардың қол ізіне келетінін айтқан

1950 – жылдың соңына қарай, СССР ғылым академиясы қар адамын зерттеу жайлы комиссия құрады. Бұл құрамға Обручаев, Нестурх, Константин Станюкович, Игорь Тамм кірді. 1958 жылы Памир тауларына СССР ғылым академиясы экспедиция ұйымдастырады. Экспедицияның мақсаты қар адамын табу болады. Бірақ экспедиция тобы ешқандай айғақ таба алмай, бұл тіршілік иесі туралы әңгіме аңыз деп санайды. Дегенмен бірнеше рет экспедия жұмыстары жүргізілген.

1979 жылы Гиссар тауларына топ адамдар экспедиция ұйымдастырады. Экспедиция барысында, гоминоидтың аяқ іздерін табады. Оның қадамы 34 см-ге тең болған.

Ал 1967 жылы Роджер мен Боб Солтүстік Калифорнияда қысқа фильм түсіреді. Пленкада қар адамы анық бейнеленген. Бірақ 2002 жылы Рэя Уоллес қайтыс болған соң, оның жақындары бұл фильмнің өтірік екенін және қар адамы жоқ екенін айтады. Бірақ 2009 жылы Кемеров облысында Шории тауларында жүрген бойы 1,5 – 2 м дейін жететін қар адамы түсіп қалған видео тарап кетеді.

Мадияр АЙЫПХАН,

Астана ІТ университетінің 2-курс студенті