24-26 наурыз аралығында Грузия астанасы – Тбилисиде дзюдодан «Grand Slam» турнирінің жалауы желбірейді. Әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысатын байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапынан 24 балуан белдеседі.
Атап айтқанда, әйелдер сапынан ел намысын Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Толғанай Әбеуова, Гауһар Ермағамбетова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы (70 кг) және Кәмила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова (+78 кг) қорғайды.
Ал ерлер бәсекесінде Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді (66 кг), Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов (73 кг), Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза, Айдар Арапов (90 кг) және Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас (100 кг) татамиге шығады.