Алматыдағы MEGA сауда ойын-сауық орталығында балалар автобуспен шыны қабырғаға соқтығысқан. Автобусты кәмелетке толмағандар ұрлап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда орталығындағы балалар автобусы кофехананың әйнекті қабырғасына соқтығысып, оны сындырған. MEGA сауда орталығының ішінде орналасқан мекеменің орындықтарына әйнек сынықтары шашыраған.
Сауда орталығының баспасөз қызметі өкілдері оқиғаның 22 наурызда кешке болғанын хабарлады.
«Техникалық үзіліс кезінде аттракцион жабылған кезде кәмелетке толмаған балалар автобусты айдап, кофеханаға соққан. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда автобустың қызметі қосымша шаралар енгізілгенге дейін тоқтатылды», деді компания өкілдері.