«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 3 сәуірде «Болашақ» бағдарламасына өтінім қабылдай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инженерлік-техникалық қызметкерлер және медицина мамандары магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа жеңілдетілген шарттармен қатысады.
Олардың мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін тізімнен университетті таңдау мүмкіндігі бар.
№2. Қай мамандар тағылымдамадан өте алады?«Болашақ» бағдарламасы аясында мамандардың мынадай санаттары тағылымдамадан өте алады:
Инженерлік-техникалық қызметкерлер; Мемлекеттік қызметшілер; Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері; Медицина қызметкерлері; Мәдениет, туризм және спорт қызметкерлері; БАҚ қызметкерлері; Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері. №3. Еңбекпен өтеу мерзімі қандай? Академиялық оқыту: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 5 жыл, өңірлерде – 3 жыл. Тағылымдама: Қазақстанның бүкіл өңірінде – 3 жыл. №4. Стипендия мөлшері қандай?Стипендия мөлшері елге және қалаға байланысты әртүрлі болады.
Стипендияның:
ең жоғары мөлшері – 2200 АҚШ доллары; ең төменгісі – 800 АҚШ доллары.