Астана қаласында жөндеу жұмысына байланысты Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана қаласының Көлік және жол-көлікинфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алабы көшелерін салу жәнереконструкциялау» жобасын іске асырып жатыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жұмысы басталды.
Осыған байланысты осы жылдың 25 наурызы мен 10 сәуірі аралығында аталмыш көшелердің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.
Сол сияқты жол-құрылыс жұмысын жүргізу кезеңінде №13, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны абзал.