• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Наурыз, 2023

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

247 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі 28 наурыздан бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериясында Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы пайда болды. Сынамасы 925/1000 күміс монетасын әзірлеу барысында түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған. Массасы - 31,1 грамм, мөлшері - 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы - 500 теңгелік, таралымы - 5 000 дана.

«Спорт» монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. 925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы 20 граммды құрайды. Оның диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы - 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына арналған саны – 3 650 дана.

«Ғарыш» монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы - 11,17 грамм, диаметрі - 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы - 100 теңгелік, таралымы - 100 000 дана.