• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Президент 27 Наурыз, 2023

Жаңа сайланған Парламент Мәжілісінің алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды

714 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген қаулы мәтінінде.