Жаңа автокөліктер, Астанадан пәтер және заманауи гаджеттер – KMF микроқаржы ұйымы «KMF-Qurmet Ниеттестік» бағдарламасын іске қосып, оның аясында бірнеше қомақты сыйлықтың ұтыс ойынын өткізеді.
KMF-Qurmet бағдарламасына компанияның бірнеше критерийге сәйкес келетін клиенттері кіре алады. Мысалы, микрокредиттері сәтті өтелген және әлі де қарызы барлар. Ниеттестік бағдарламасында бонустық ұсыныстарды қамтитын үш мәртебе бар – QOLA, KÜMIS, ALTYN. Дегенмен, KMF қызметкерлерінің айтуынша, ниеттестік жүйесінің артықшылықтары тек ұтыс ойынында емес.
«KMF-Qurmet – компаниямыздың философиясын бейнелейтін терең мағынаға ие бағдарлама. KMF жұмысының негізгі қағидаттары – әр клиентті құрметтеу, бизнесіне қолдау көрсету және дамыту, өркендеуі үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Ниеттестік бағдарламасы тек сыйлықтарды емес, сонымен қатар оқытуды да қамтиды. Олар – тренингтер, іскерлік кеңестер, кәсіпкерлерге пайдалы болатын тағы да басқа құралдар», дейді KMF басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.
Компания клиенттері Ниеттестік бағдарламасына автоматты түрде қосылады. Мәртебені KMF мобильді қосымшасынан білуге болады. Әр мәртебенің өзіне тән артықшылықтары бар. Наурыз айының соңында компания автокөлік пен 100 гаджеттің алғашқы ұтыс ойынын өткізеді, сыйлықтардың ішінде смартфондар мен планшеттер бар. Екінші автокөлік пен пәтердің ұтыс ойыны жыл соңында ойнатылады. Жүлдеге тігілген пәтер Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінде болатыны қазірдің өзінде белгілі.
«Біз 255 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеміз. Олардың басым бөлігі – өңірлерде шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер. Олар үшін басты құндылық – уақыт. Біз KMF-те кәсіпкерлер смартфон арқылы кез келген сәтте бізбен жұмыс істей алатындай қашықтан қызмет көрсетуді және цифрландыру үдерістерін жүзеге асырып жатырмыз. Сондықтан Telegram-канал ашуды жөн деп шештік, оның көмегімен клиенттеріміз біз туралы және Ниеттестік бағдарламасы туралы барлық ақпаратты бірден біліп отыратын болады», дейді Қарлығаш Райханова.
KMF-Qurmet бағдарламасына қалай қатысуға болатынын және әр мәртебенің қандай артықшылықтары барын qurmet.kmf.kz сайтынан немесе 7474 нөмірі арқылы білуге болады.
KMF – Қазақстандағы микроқаржы саласының флагманы. Компания нарықта 25 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келеді. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Өткен жылдар ішінде мұнда 750 мыңға жуық клиентке қызмет көрсетілді. Компанияның еліміз бойынша 14 филиалы мен 117 бөлімшесі бар.
KMF Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясының негізінде жұмыс істейді.
Сандуғаш СҰЛТАН,
KMF PR бөлімінің
жетекші маманы