• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2023

Теннеси штатында мектептегі атыстан жеті адам қаза тапты

211 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Теннесси штатындағы мектепте белгісіз біреу оқ жаудырып, 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін таңертең Теннеси штаты, Нэшвилл қаласындағы діни мектептің үш оқушысы мен үш қызметкері қаскөйдің қолынан қаза тапты. 28 жастағы әйел екі жартылай автомат және тапаншамен қаруланып Ковенент мектебіндегі оқушыларға оқ жаудырды. Оқиға орнына келген полициямен атысып, өзі де оққа ұшты. Оның мұндай аса ауыр қылмысқа не үшін барғаны белгісіз.

Бұл жыл басталғалы бері АҚШ-та бейбіт тұрғындарға бей-берекет оқ атылған 130-оқиға. «Тапа-тал түсте қашанғы бейкүнә балаларды құрбан етеміз», деген Президент Джо Байден Конгрессті нақты шара қабылдауға шақырып отыр.

Полиция басқармасы басшысының айтуынша, күдікті осы мектептің түлегі болған. 

 

Айта кетейік соңғы жылдары АҚШ-та жаппай оқ жаудыру оқиғасы қалыпты жағдайға айналып барады. Бірақ әйел адамның мұндай ауыр қылмысқа баруы сирек екен. 1966 жылдан бері тек төрт әйел осыған ұқсас қылмыс жасаған. GVA (Gun violence archive) дерегі бойынша жыл басынан бері бей-берекет оқ ату оқиғасынан 400-ге жуық бала көз жұмды.