• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Сайлау 28 Наурыз, 2023

Президенттіктен үміткер болғандар депутаттыққа сайланды

338 рет
көрсетілді

Бүгін Президенттіктен үміткер болған 3 кандидаттың депутаттыққа сайланғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев депутаттыққа сайланды. 

Айта кетейік, 19 наурызда елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Мәжілісте қандай партиялар болғанын мына жерден оқуға болады. Сондай-ақ ОСК бір мандатты округтер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындыларын жариялаған еді.

Бұған дейін, 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауында Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев Президенттікке кандидат болып тіркелген еді.

 

Соңғы жаңалықтар